Шығыс Қазақстан облысы

жұмылдыру дайындығы басқармасы

РЕСМИ САЙТЫ
Туралы есеп

Зайсан ауданының әкімдігін, аумақтық мемлекеттік органдарды және жұмылдыру дайындығы мен азаматтық қорғаныс ұйымдарын аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің қатысуымен, азаматтық қорғаныс жүйесін әскери жағдайға көшіру бойынша кешендік оқу-жаттығу өткізілгені 

 

2015 жылдың 11-14 қараша аралығында Зайсан ауданында аудан әкімдігімен, аумақтық мемлекеттік мекемелермен және ұйымдармен, жұмылдыру дайындығы мен азаматтық қорғаныс сұрақтары бойынша кешендік оқу-жаттығулар өткізілді.

Кешендік оқу-жаттығулардың мақсаты басшылық пен қатысушылардың жұмылдыру шараларын орындаудағы іскерлігін, басқару органдарының, ұйымдар мен кәсіпорындардың, азаматтық қорғаныс қызметтерінің төтенше жағдайлар кезіндегі жұмысқа дайындық денгейін арттыру болды.

Кешендік оқу-жаттығулардың мақсатына қол жеткізілді. Аудан әкімінің аппараты, әкімдіктің бөлімдері, ұйымдар мен кәсіпорындар азаматтық қорғаныс жүйесін төтенше жағдайлар кезіне көшіру жұмыстары бойынша тәжірибе алды. Жұмылдыру дайындығы сұрақтары бойынша басқару органдары бірыңғай түсінушілікке қол жеткізді.