Шығыс Қазақстан облысы

жұмылдыру дайындығы басқармасы

РЕСМИ САЙТЫ
Туралы есеп

Бородулиха ауданының әкімдігін, аумақтық мемлекеттік органдарды және жұмылдыру дайындығы мен азаматтық қорғаныс ұйымдарын аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің қатысуымен, азаматтық қорғаныс жүйесін әскери жағдайға көшіру бойынша кешендік оқу-жаттығу өткізілгені 

Кешендік оқу-жаттығулардың мақсаты басшылық пен қатысушылардың жұмылдыру шараларын орындаудағы іскерлігін, басқару органдарының, ұйымдар мен кәсіпорындардың, азаматтық қорғаныс қызметтерінің төтенше жағдайлар кезіндегі жұмысқа дайындық денгейін арттыру болды.

Кешендік оқу-жаттығулардың мақсатына қол жеткізілді. Оқу-жаттығуға аудандақ шұғыл қызметтер, ауылдық әкімдіктер де тартылды. Шұғыл қызмет басшыларын тыңдау өткізілді. Аудан әкімінің аппараты, әкімдіктің бөлімдері, ұйымдар мен кәсіпорындар жұмылдыру дайндығы бойынша тәжірибе алды. Жұмылдыру дайындығы сұрақтары бойынша басқару органдары бірыңғай түсінушілікке қол жеткізді.