Шығыс Қазақстан облысы

жұмылдыру дайындығы басқармасы

РЕСМИ САЙТЫ
«Қоныс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы

Шілденің 17-18 аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Қоныс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталады

 

         Облыс кездейсоқ таңдап алынған жоқ, өңірдің 60 пайызы сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады. Кей аудандарда жерасты дүмпулерінің күші 9 баллға дейін болуы ықтимал.

         Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау күштері мен органдары іс-қимылдардың күрделілігін пысықтайтын болады, сондай-ақ қирататын табиғи төтенше жағдай кезінде халықты көшіруге дайындығы деңгейін артырады.

         Оқу-жаттығу басшысы болып – ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин болып табылады.

         Оқу-жаттығулар екі кезеңнен тұрады. Бірінші күні азаматтық қорғау күштері мен құралдары алға қойылған міндеттерді орындау бойынша оқу мәселелерн пысықтайтын болады. Жекелеп айтқанда, эвакуация органдарын, эвакуациялық шараларды өткізуге авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын дайындау, қалыптасқан жағдайға байланысты жоспарланған эвакуациялық шараларды өткізу тәртітін нақтылау, сондай-ақ азаматтық қорғау күштерң мен органдары арасында өзара әрекеттестік.

         Екінші күні жедел топтар теориялық білімдерін тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар да бекітетін болады, оның барысында халықты төтенше жағдай аймағынан шығаруды ұйымдастыру, отырғызу пунктеріне көлік жіберу, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіз қозғалыс, көшірілген халықты қауіпсіз аймаққа орналастыру мәселелері пысықталатын болады.