Шығыс Қазақстан облысы

жұмылдыру дайындығы басқармасы

РЕСМИ САЙТЫ

Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған армиясы үш түрлі әскерлерден тұрады: құрлықтағы әскерлер, әуе қорғанысы және әскери теңіз күштері.  

Құрлықтағы әскерлер

Құрлықтағы әскерлер «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған. Құрлықтағы әскерлердің белгіленген міндеттері – Қазақстан Республикасының аумақтық бүтіндігін қорғау, оның егемендігін қорғау, мемлекеттік және әскери объектілерді қорғау, құрлықтағы шекараны қорғау, бітімгершілік миссияларға қатысу.  

Әуе қорғанысы күштері  

Әуе қорғанысы күштері әскери әуе күштері, Қазақстан Республикасы аумағында әуе соққысынан қалқалауды қамтамасыз етуге арналған зенитті-ракеталық және радиотехникалық әскери объектілерінің жүйелері болып табылады, сондай-ақ жер бетіне күшпен кірген қарсыластарға тойтарыс беру кезінде құрлықтағы әскерлерге көмек көрсету және жолаушыларды және транспорттарды Қорғаныс министрлігі мүддесінде тасымалдауды жүргізу. Әуе қорғанысы күштері барлық  міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін әр түрлі авиациялық техника құралдарымен жабдықталған.     

Әскери-теңіз күштері  

Қазақстан Республикасының әскери-теңіз күштерінің басқы міндеттері ол-Каспий теңізінде Қазақстанның заңды немесе экономикалық мүддесін қорғау. Каспий флотилиясынан басқа әскери-теңіз күштеріне теңіз жаяу әскерлері, жағалаудағы артиллерия және теңіз авиациясы кіреді. Каспий су алабының ерекшелігіне, сондай-ақ геосаясаттық жағдайына орай, әскери-теңіз күштері қажетті кемелермен және кішкене кемелермен жабдықталған. Ашық жарияланған ақпарат бойынша Қазақстан ӘТК шамасы 20-22 кіші кемелермен және кішкене кемелермен жабдықталған.