Шығыс Қазақстан облысы

жұмылдыру дайындығы басқармасы

РЕСМИ САЙТЫ

Баламалы әскери қызметтен қалай өтуге немесе бір ай ішінде әскери билет алуға болады ?

Төлем ақы арқылы әскери қызметтен 24-тен 27- жас аралығындағы әскери қызметке денсаулығы жарамды немесе шектеулі жарамды, сондай-ақ әскери қызметке шақырылуы кейінге қалдырылған тұлғалар өте алады.  

Әскерге шақырылу бойынша кейінге қалдырылатындарды атап өтейік:  

  • Отбасы жағдайымен;
  • Оқуларын жалғастыру жағдайымен;
  • Денсаулығына байланысты;
  • Басқа да себептермен.

Оқудан қалай өтуге болады?

Әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша төлем ақы арқылы оқудан өту мемлекеттік қызмет көрсету болып есептеледі және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен өткізіледі.  

Өтініш қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысы «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам арқылы жүргізіледі.  

Әскерге шақырылушылармен, әскери міндеттілермен оқу 1-ақпаннан 20-желтоқсанға дейін жүргізіледі.  .

Оқудың мерзімі бойынша нақты ақпаратты жергілікті орындардағы қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдерден білуге болатынын атап өту қажет.