Шығыс Қазақстан облысы

жұмылдыру дайындығы басқармасы

РЕСМИ САЙТЫ

Азаматтарды әскери қызметке шақырылудан босату негізі

«Әскери қызмет және әскери міндет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес бейбіт уақытта азаматтар әскери қызметке шақырылудан келесі жағдайда босатылады:  
1.Әскери қызмет өтіп жатқандар немесе өткендер;  

2.Денсаулығына байланысты әскери қызметке жарамсыздар;  

3.Заңнама негізінде әскер қатарына шақырылмаған жиырма жеті жасқа толғандар;  

4.Әскери қызметтік міндетін атқару кезінде бірінші немесе екінші топтағы мүгедек немесе қайтыс болған туыстары (әкесі, анасы, бауыры немесе қарындасы, әпкесі) болған жағдайда;  5.Басқа мемлекетте әскери қызметтен (баламалы) өткендер;

6.Ғылыми дәрежесі барлар.