Шығыс Қазақстан облысы

жұмылдыру дайындығы басқармасы

РЕСМИ САЙТЫ

Әскерге шақыру жүйесі  

Қазақстанда әскер қатарына шақыру жылына екі рет өткізіледі: сәуірден маусымға дейін және қыркүйектен желтоқсанға дейін.  Қазақстанда армия қатарына шақыру 18-ден 27-жасқа дейінгі азаматтардан құралады. Азаматтарға Қазақстан армиясында қызмет ету 12 айды құрайды.    Сарбаздар әскери қызметін үйлеріне жақын аймақта да, еліміздің басқа аймақтарында да өткерулеріне болады. Қазақстан армиясы қатарына шақыруды кейінге қалдыру немесе толықтай босату шектеулі әскерге шақыру жасы толғандарға, әскери қызмет өтуге кедергі болатын денсаулықтарына байланысты, қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған туыстары барларға және ғылыми дәрежесі бар азаматтарға беріледі.  

Армия қатарына әскери қызметке шақыру  

ҚР азамттарын әскери қызмет қатарына шақыру «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы азаматтарын әскери қызметке шақыруды өткізу және ұйымдастыру ережесі» нормасымен анықталған.  

Әскери қызметке шақыру деген не?

Әскери қызмет қатарына шақыру – ол ҚР Қарулы Күштері құрамдарын толымдауға бағытталған мемлекеттік органдармен өткізілетін кешенді іс-шаралар. 

Әскери қызмет қатарына шақыру кезең-кезеңімен жүргізіледі. Медициналық куәландыру ең бірінші аудандағы (облыстық маңызды қалалардағы) әскер қатарына шақыру комиссиясымен жүргізіледі. Екінші кезең-ол облыстық (республикалық маңызды қалалар және астана) әскер қатарына шақыру комиссиясы өткізетін іс-шаралар.  

Әскерге шақырушылардың міндеттері  

Әскер қатарына шақырылатын азаматтар шақыру қағаздарымен жергілікті әскери басқару органдарына әскер қатарына шақыру комиссиясына келуге міндетті. Шақыру қағазы әскерге шақырылушының жеке өзіне жергілікті әскери басқару органдарының лауазымды тұлғасы арқылы немесе жұмыс істейтін жердегі (оқу орны) ұйым басшысы арқылы қол қоюмен табыс етіледі.  

Білім беру мекемелерінің немесе басқа да мекемелердің басшылары, меншігіне қарамастан, әскер қатарына шақырылушыларды іс-сапардан (демалыстан) шақырып алуға міндетті, оларды хабарландыруды ұйымдастырады және шақыру пункттеріне уақытында келулерін қамтамасыз етеді.